Арисса Ян небәрі алты жаста, бірақ ол үшін смартфон туғанындай болып кеткен. Ол қытай әлеуметтік желісіндегі комедиялық бейнелерді ешқандай қиындықсыз тауып алып қарай береді. Арисса ұялы телефонды төрт жасынан бастап қолданады екен.
Ариссаның анасы Вэл Ян қызының интернетке тәуелділігіне алаңдайды. Алайда, телефонды пайдалану қазіргі қоғамның маңызды бөлігі деп санайды және бүлдіршіннің технологияны меңгеруде құрдастарынан артта қалғанын қаламайды. Бірақ Ариссаның смартфон қараудағы уақытын қалай реттеуге болатынын білмейді.
ВЭЛ ЯН – ҚЫЗДЫҢ АНАСЫ: "Әрине, қызым үшін алаңдаймын. Балалар телефондарды сабақ оқуда пайдаланады.Бірақ олар видео көргенде,тәуелділікке түсу оңай".
Ұялы телефонға тәуелділік - Қытайдағы күрделі мәселе. Тамыз айында елде кәмелетке толмағандардың смартфондармен күніне екі сағатқа дейін ғана отыруға болатын ереже жасалды. Бұл шектеу сегіз жасқа дейінгі балалар үшін – күніне 40 минуттан аспайды. Жергілікті БАҚ күнделікті пайдалану уақыты аяқталғаннан кейін ұялы телефон "барлық қолданбаларды автоматты түрде жабады"деп жазады. "Кәмелетке толмағандар режимі" деп аталатын бұл жоба 18 жасқа толмаған пайдаланушыларға таңғы 22:00-ден таңғы 6-ға дейін мобильді құрылғыларда интернетке кіруге тыйым салады. Жаңа ереже қашан күшіне енетіні әлі белгісіз. Ата-аналар шектеулердің тиімділігіне күмәнмен қарайды, өйткені көптеген электронды құрылғыларда "балалар режимі" деген бұрыннан бар.
ВЭЛ ЯН – ҚЫЗДЫҢ АНАСЫ: "Бізде бұл функция бар болғандықтан, оның қаншалықты тиімді екендігі туралы зерттеулер жүргізілуде ме? Егер компаниялар оны негізгі функцияның үстіне қосса, онда тиімділікті арттыруға болатын болмайтынын білмеймін".
Балалар психологы Шарон Али ата-аналар мобильді құрылғыларды пайдалануды шектеуге емес, балаларымен эмоционалды қарым-қатынасқа назар аударуы керек дейді. Алайда, қазіргі жағдайда ол экран уақытының шектеулері пайдалы екенін және басқа елдерде де пайда болуы мүмкін екенін мойындайды.
ШАРОН АЛИ – ПСИХОЛОГ: "Көптеген ата-аналар жұмыста болғандықтан бос емес, сондықтан олардың... балаларымен араласуға уақыты жоқ. Болашақта бұл тек жоба ретінде қалып қоймайды деп сененмін".
Қытайда балаларға смартфон қарауға шектеу қойылды
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 367 рет қаралды