Ұлттық қордан балаларға қаражат беруге қатысты заң қабылданбады. Сенат депутаттары Мәжіліске кері қайтарды. Айтуларынша, құжат әлі де шикі. Заңға түзетулер енгізу қажет. Соның бірі егер, бала 18 жасқа толып ол қаражатты алмайтын болса, ол ақша тағы 10 жыл сақталады. Содан кейін автоматты түрде біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады. Сол сәтте, яки АҚШ долларымен аудару кезінде «аударым күніне» емес, «аударым сәтіне» теңгемен айырбасталауы тиіс. Егер бұл аталған өзгерістерді Мәжіліс мақұлдаса, құжат қайтадан Сенат қарауына келіп түседі.
БЕКБОЛ ОРЫНБАСАРОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық қордан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жекелеген баптары мақұлданбады. Бұл ретте, аталған баптардың жаңа редакциясын ұсына отырып, құжат Мәжіліске қайтару ұсынылды».