Оңтүстік астанамызда табиғи таза өнімнен компазицияланған ерекше шара ұйымдастырылды.Таланатты өнер иесі Мөлдір Балғынбайқызының «Ұлттың үні» деп аталған жеке көрмесі көпшіліктің таңданысын тудырып, қазақтың төл мұрасын жаңаша қырынан таныстырды.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер факультетінде орын алған көрменің жөні бөлек.Табиғи таза жүннен жасалған авторлық картиналар қойылды. Әрбір туынды – қазақтың бай қолөнер дәстүрі мен заманауи бейнелеу өнерінің шеберлікпен үндескен синтезі. Мөлдір Балғынбайқызы — суретші, педагог, шебер ретінде өз еңбектерінде ұлттық болмысты, аналық мейірімді, табиғат пен адамның жарасымын нәзік сезімталдықпен жеткізе білген.
МӨЛДІР КҮМІСБЕКОВА ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ
Шебердің шығармаларында ежелгі дүниетаным мен қазіргі заманның үнін табуға болады. Жүн материалының табиғи құрылымы мен жылы түстер үйлесімі әр картинаның айрықша тынысын сезіндіреді. «Ұлттың үні» көрмесі – өткен мен бүгінді, тарих пен қазіргі күнді, салт пен жаңа көзқарасты сабақтастыратын бірегей өнер алаңы болды.
ЕРТАЙ СҰЛТАН АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ ПРОРЕКТОРЫ
АЙДЫН ТОҚТАСЫНҰЛЫ ӨНЕРТАНУШЫ
Мөлдір Балғынбайқызының еңбектері көрерменге тек эстетикалық ләззат сыйлап қана қоймай, ұлттық құндылықтарды жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді. Бұл көрме — бейнелеу өнерінің жаңа бағыттағы ізденістері мен ұлттық өнердің мәңгілік маңызын айқын көрсеткен маңызды мәдени оқиға.