"

Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай еліміздің әр аймағында түрлі бастамалар орын алуда.Мақсат, Отан үшін от кешкен ардагерлердің ерлігін ұлықтау.

Алматы қаласы Наурызбай ауданында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «№207 мектеп-лицейінің» ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған «ҰРПАҚТАР ҰМЫТПАЙТЫН – ҰЛЫ ЖЕҢІС» атты қалалық мерекелік іс-шара өтті.Мақсат, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, олардың ерен ерлігін жас ұрпақтың санасына сіңіру, ардагерлерге алғыс айтып, мерекелік көңіл күй сыйлау.

НҰРСҰЛТАН СӘКЕНҰЛЫ ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Мерекелік бағдарлама аясында жастар патриоттық әндер шырқап, көркем сөз оқып, театрландырылған қойылымдар көрсетті. Қан майданда жанын пида еткен ардақты ардагерлердің ерен ерліктерін қойылым арқылы жеткізді. Зұлмат заманда дүниеге келген ақсақалдар көздеріне жас алып, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып жатты.

МӘДЕНИЕТ КӘРКЕНОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Бұл игі шара – Отан үшін от кешкен аға буынға деген шексіз құрметтің белгісі ғана емес, сонымен қатар жастарға тарихи жадыны сақтап, елін сүюге тәрбиелеудің маңызды қадамы болды.