"

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Қиналғанға қол ұшын созатын ата баба жолымен тасқын судан зардап шеккен Ақтөбе облысындағы Ойыл ауданына Албан Әлмерек абыз ұрпақтарынан гуманитарлық көмек жолға шықты. 

Әлмерек абыз ұрпақтары Жем ауданы әкімшілігімен,тұрғындарымен байланысқа шығып ең қажетті деген заттардың тізімін алған. 10 млн аса қаражат жиналып берілген тізім түгенделген. «Ойылға жәрдем» тобының жетекшісі  қол ұшын созып жатқан ағайынға алғысын жеткізді.

ЖӘРДЕМ АҚБИСЕНОВ  «ОЙЫЛҒА ЖӘРДЕМ» ЫНТАЛЫ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ 

Қарғыс алма, алғыс ал деген атам қазақ. Қиын қыстау күн туғанда бауырмалдылық таныту басты борышымыз дейді осындай игілікті іске мұрындық болып жүрген  ел ағалары.

ЫСҚАҚ НҰРМҰХАНБЕТОВ ӘЛМЕРЕК МӘДЕНИ ТАРИХИ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

Ағайынның көмегін артқан көлік ақ батамен жолға шықты.