"

Әскерге тіркеу процесінің автоматтандырылуы Үкіметке зор пайда әкеледі. Соның арқасында мемлекеттің жыл сайын 1 млрд теңгені үнемдеп қалуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин айтты. Жарты жылдың қорытындысын баяндаған қорғаныс министрлігінде оң ақпарат көп. Мәселен, биыл қорғаныс саласына жаңадан қосымша 500 техника қосылды. Әскерилер өз күштерімен техниканы жөндеп, салдарынан бюджеттің 1,3 млрд  теңгесін үнемдеп қалыпты. Бұл салада қызмет ететін мамандардың тұрмысын түзеп, әл-ауқатын арттыратын бағдарлама да биыл өз жалғасын табатын болады. 

РУСЛАН ЖАНГУЛИН ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Қазақстан қарулы күштері халықаралық оқу-жаттығуларға тұрақты түрде қатысып тұрады. Ең ауқысды халықаралық бірлестік -2024 жедел тактикалық оқу жаттығуы ағымдағы жылдың шілде айында Маңғыстау облысындағы Оймаша полигоны мен Тоқмақ мүйісінде өткізілді. Екінші деігейдегі банктер мерзімді әскери өткеру кезеңіне кредиттік каникулдар беру жөнінідегі қорғаныс министрлігінің бастамасын іске асыруды жалғастыруда. Әскерге шақырылушыларға арналған «кредиттік каникулдар» жүйесі енгізілді. Жастарды әскери комиссариаттарға бармай-ақ, тіркеу процесі автоматтандырылды. Бұл жыл сайын тасымалдауда, медициналық қызмет көрсетуде және тіркеу туралы куәлік беруде 1 млрд теңгеден астам қаржыны үнемделді».