Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөліміне Ербаян Мұхтар сау атанып, ауыру болып оралған. Сарбаз 6 айдан бері ес-түссіз жатыр. Коммандирлер Ербаянның еденге тайып құлап, жарақат алғанын айтады. Дегенмен бұл жағдаға науқастың ата-анасы бұған сенбейді. Айтуларынша балалары ауруханаға түскен кезде есін жиып, өзін ұрғанын растаған. Ал кейін жігітке дәрігерлер ата-анасының рұқсатынсыз тағы ота жасап, миының жарты бөлігін алып тастаған екен.
Әлеуметтік желілерде Ербаянның еміне қажетті қаржы сұраған бейнероликтер тарады. Ұлттық ұланның қызметкерлеріне мұңдарын шағып, еш жауап ала-алмаған ата-ана өз күшімен баласын емдетпек болған. Сөздерінше әскери бөлім 19 күнен кейін көзін ашқанан Ербаянды шамамен екі аптадан соң жай палата ауыстыра беруге болатынын айтқан. Әскери госпительге ауыстырарда жарты миына рұқсатсыз ота жасаған.
ГҮЛСІМ ҚАМИЕВА ЕРБАЯН МҰХТАРДЫҢ АНАСЫ
КҮЛӘШ СМИЛОВА ӘЖЕСІ
Адвокат Инга Иманбай сарбаз ес-түссіз жатса да әлі күнге дейін мүгедектік мәртебесі бірілмегенін, отбасы мүшелері мемлекеттен әлі күнге көмек ала-алмай отырғанын мәлімдеді.
Аталған жағдайға байланысты Ұлттық ұланның баспасөз қызметі сарбаздың денсаулығына қатысты ресми ақпарат берді. Қатардағы сарбаз Ербаян Мұхтардың бас жарақатын алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл жерде әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұза отырып, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені мәселе болып отыр.
ҚР ІІМ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ «Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу барысы ҚР ІІМ ӘТД басшылығының бақылауында. Қатардағы жауынгер Е.Мұхтардың ата-анасының талабы бойынша оңалту ем-шаралары аяқталғаннан кейін үйіне шығарылғанын хабарлаймыз. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің емдеу мекемесі ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери-медициналық басқармасымен бірлесіп оған мүгедектікті ресімдеу бойынша көмек көрсетеді».
Науқастың туысқандары алты ай бойы коммада жатқан Ербаянның қазіргі күйіне алаңдаулы. Ес-түссіз жатқан Ербаянды дәрігерлер шетелде емтеду керектігін мәлімдеген. Олар сондай-ақ осы іске қатысы бар адамдардың жазазалып, сот алдында жауап беруін талап етті.