"Alatau" телеарнасы электрондық масс-медиа нарығында 1994 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бүгінде Республика өңірлеріне «OTAU TV» жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісінен өзге еліміздің 9 ірі қалаларына (Астана, Алматы, Шымкент, Көкшетау,Талдықорған,Атырау,Павлодар,Түркістан,Ақтау) «Қазтелерадио» АҚ тарату желісі арқылы өнімдерін таратуда.
Телеарна ақпараттық, жаңалықтар, сараптамалық бағдарламалар арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкімет тапсырмаларын орындау және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі тапсырысын іске асырып,белсенді қолдау көрсетіп келеді. 2023 жылдың сәуір айынан бастап "СТВ" телеарнасы "Alatau" деген жаңа атаумен эфирге шықты. Осылайша заман талабына сай ребрендинг жасау арқылы арна эфирінде сапалы сараптамалық бағдарламалардың қатары ұлғайып, репортаж жанрындағы бағдарламалардың үлесі артты. Сондай-ақ аймақтардың тыныс-тіршілігі туралы жобалар көбейеді.
Жыл сайын телеарна республикамызда жүргізіліп жатқан реформалар мен мемлекеттік бағдарламаларды жариялауға бағытталған жоғары сапалы телевизиялық өнімдер мен инфографиканың жоғары технологияларын, 3D графиканы қолдана отырып деректі фильмдер, арнайы жобалар, бейнероликтер шығарумен табысты әрі тұрақты айналысады.
Медиа нарықта 30 жылға жуық жұмыс атқарып келе жатқан Alatau" телеарнасы өзінің контентін, оның ішінде деректі фильмдерді (100-ден астам фильм), публицистикалық бағдарламаларды (70-тен астам бағдарлама), ақпараттық-түсіндіру роликтерін (100-ден астам бейне), ақпараттық-талдау бағдарламаларын, сондай-ақ оларды ілгерілету мен насихаттаудың кең мүмкіндіктерін жасау бойынша мол тәжірибесі бар.