Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирусының қайта күш алғанын мәлімдеп, халықты бетперде киюге шақырды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
COVID-19 күшейді деп дабыл қаққан ұйым басшысы Тедрос Гебрейесус көптеген елде бірнеше апта ішінде сырқаттар санының артуына байланысты барлығын бетперде киюге және COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырды.
"COVID-19, тұмау және басқа қоздырғыштар тудыратын респираторлық аурулар саны бірнеше апта ішінде көптеген елде өсті және бұл мерекелерден кейін де артуы мүмкін деген болжам бар", - деп жазды Тедрос әлеуметтік парақшасында.
Осыған байланысты ол барлығын COVID-19-ке тест тапсыруға және қажет болған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге шақырған. Әрі барынша жұқпалы аурудан сақтану үшін маска киіп, қашықтықты сақтауға үндеп отыр.