Ел спортшылары “Азияда-2022” ойындарындғы алғашқы алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында стендтік атудан Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Тіпті бұл сайыста олар нәтижесімен рекордтық көрсеткіш орнатып отыр.
Алғашқы алтынды “скиттегі” топтық сайыста Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина әкелді. Осылайша қоржынымызға алғашқы алтын медаль түсті.
Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстан қоржынында 10 медаль бар.