Алматыда 24-28 сәуір аралығында толассыз жаңбыр жауады деп күтілуде. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Жергілікті билік дерегіне сүйенсек, жауын-шашын кезінде мотопомпа, шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілікке шығады, 2,5 мың қап құм дайындалған. Әрі күндіз жауын-шашын кезінде барлығы 465 бірлік арнайы техника, 28 мотопомпа және 810 жұмысшы, ал түнгі уақытта 236 бірлік арнайы техника және 215 жұмысшы жұмылдырылады.
Судың кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз етіп, су басудың алдын алу үшін 320 жұмысшы мен 92 бірлік арнайы техника арық желілерін, арық өткелдерін тазалау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізеді. Күн сайын арықтан 250 м3 лай және кездейсоқ қоқыс шығарылады.
Ауа-райының бұзылуына байланысты жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты автомобильдерді жол жиектеріне қоюға кеңес берілмейді. Сондай-ақ, әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарына тауға бармауға, су тасқынының алдын алу үшін тұрғындардан арық пен каналды қоқысқа толтырып, бітеп тастамауға шақыруда.