Қазақстандықтар өткен жылы қанша гүл елге импорттағаны белгілі болды. Статистикаға сүйенсек, 2023 жылы елімізге 149,8 миллион дана гүл жеткізіліпті, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Ең көп сұранысқа ие болғаны раушан гүлдері. Өткен жылы елімізге 40,2 млн долларға 112 млн дана көлемінде әкелінген. Ал жалпы 2023 жылы Қазақстан 61,1 млн долларға 149,8 млн дана көлемінде гүл импорттапты. Бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29%-ға артық. 

Сауда және интеграция министрлігі мәліметіне сүйенсек, импорттың ең үлкен көлемі Эквадорға тиесілі. Қазақстан аталмыш мемлекеттен 37,5 млн долларға гүл сатып алған. 2023 жылы Нидерландыдан жеткізілімдер 13,1 млн долларды, Кениядан 4,8 млн долларды, Колумбиядан - 3,4 млн долларды құрап отыр. 

Сонымен қатар, хризантема 7,6 млн долларға 15,8 млн дана көлемінде сатып алынды. Лилияның импорттық жеткізілімі 3,3 млн данадан сәл ғана асып түсіп, 1,5 млн долларға жуықтады. 6 млн данадан астам қалампыр 1,2 млн долларға жеткізілген. 210,2 мың долларға 116,6 мың дана орхидея әкелініп отыр.