Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалында белдескен Демеу Жадыраев жапониялық Нао Кусакадан айласын асыра алмады. Осылайша ел қоржынына күміс сыйлады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Спортшы 77 келі салмақ дәрежесінде жапон балуанымен белдескен. Бірақ қарсыласына 5:2 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Осылайша Нао Кусака Париж Олимпиадасының чемпионы атанды.
Демеу Жадыраев биыл 34 жаста. Бұл оның соңғы Олимпиадасы болуы әбден мүмкін. Қазақстандық спортшы 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған, сонымен қатар Азия чемпионатында бірнеше мәрте жүлдегер атанған.
Айта кетейік, бұған дейін боксшы Назым Қызайбайдың қола жүлдегер атанғанын жазған едік.