Ел мектептерінде мұғалімдерге тапшылық ерекше байқалады. Оқу-ағарту министрлігі бұл көрсеткіштің нақты санын жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Агенттік дерегіне сүйенсек, бүгінде еліміздің мемлекеттік мектептерінде 2 817 педагог жетіспейді екен.
“Бүгінгі таңда мемлекеттік мектеп педагогтеріне қажеттілік 2 817 адамды құрайды. Оның ішінде математика, орыс тілі мен әдебиеті, физика, бастауыш сыныптар, химия, ағылшын тілі, музыка, информатика, тарих, құқық негіздері, көркем еңбек, география, биология, қазақ тілі мен әдебиеті, бастапқы әскери және технологиялық дайындық педагогтеріне сұраныс бар”, - делінген министрлік ақпаратында.