Еліміздегі сауда орталықтары үшін жаңа ереже енгізілмек. Мәселе сенат қабырғасында талқыланды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Енді Қазақстанның сауда орталықтары келушілерді сапалы Wi-Fi желісімен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл туралы 2 мамырда цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәлімдеді. Сөзіне сүйенсек, ол сауда орталықтары мен тамақтану орындарында нашар Wi-Fi жұмысына тап болған.
"Мен, сіздер сияқты, байланыс мәселелерімен бетпе-бет келемін, әсіресе қоғамдық тамақтану орындары мен ірі СОО-да Wi-Fi желілері сапасыз салынған. Біздің келесі қадамымыз осы бағытта болады деп ойлаймын. Заң жобасы аясында біз ірі бизнес-орталықтарды Wi-Fi желісімен қамтамасыз етуге міндеттейтін боламыз. Біз бұл сапаны бақылауда ұстаймыз. Менің ойымша, барлығына сауда орталығында немесе кафеде, сапалы интернетке ие болу ыңғайлы болады",-деп түсіндірді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Сенат отырысында.