Азаматтық авиация комитеті әуе рейстерінің уақытылы орындалуы жөнінде мәлімет жариялады. Онда 1 жыл бойында ұшқан ұшақтардың төрттен бірі уақытынан кешіккен екен, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Дей тұрғанымен комитетте былтырғы көрсеткіштің жақсарғанын айтуда. Яғни 2022 жылмен салыстырғанда кешігу уақыты әлдеқайда қысқарған.
Былтыр жалпы 71 895 рейс орындалыпты. Оның ішінде 16 666 рейс кешіккен. Рейстердің уақытылы орындалу пайызы 77% құрады. 2022 жылы бұл көрсеткіш 74%-ды құраған.
"Кешігудің негізгі себептері – әуе кемесінің кешігіп келуі, адами фактор, қолайсыз метеожағдайлар, техникалық себептер және т. б. Сонымен қатар, Қазақстан премьер-министрінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында жұмыс тобы аясында әуе көлігіндегі күрделі метеорологиялық жағдайлар туындаған кезде жұмылдырылған құрылымдардың (әуежай, әуе компаниялар, метеорологиялық қызмет) іс-қимыл алгоритмін қабылдау бойынша жұмыс жүргізілуде", - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда қанша ұшақ барын жазған едік.