Қазақстанда электросамокаттарға нөмір тағу міндеттелуі мүмкін. Қазіргі уақытта самокаттар мен велосипедтерге мемлекеттік нөмір тағу ұсынысы талқыланып жатыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
ҚазАқпараттың дерегіне сүйенсек, бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлім еткен. Парламент Мәжілісіндегі баспасөз мәслихатында самокаттарға қатысты талаптарды күшейту мүмкіндігі жайында сұрақ қойылды.
"Біз Әділет министрлігі жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының алаңында бірқатар қосымша түзету дайындап жатырмыз. Атап айтқанда, шетелде қолданылатын тәжірибені енгізу туралы ұсыныс бар. Осы орайда Швейцарияның тәжірибесін зерттедік, яғни ол жақта мемлекеттік нөмірлер тек самокаттарда ғана емес, велосипедтерде де бар. Сондықтан бұл норма мен ұсыныс өте өзекті", - дейді С. Әділов.
Оның айтуынша, бұл ұсыныс қазір талқыланып жатыр.