🔹ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023 – 2025 жж. ғылыми-техникалық зерттеулерді гранттық қаржыландыруымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультеті түркітану және тіл теориясы кафедрасында жүзеге асырылу үстіндегі ЖТН AP19677520 «Қазақтілді масс-медиадағы конфликтогенді мәтіндер: тілдік құқықбұзушылықтың сот-лингвистикалық параметрлері» жобасының аясында Астана қаласындағы ҚР ӘМ Заңнама және құқықтық ақпарат институты Лингвистика орталығына іссапар ұйымдастырылды. 

🔹Іссапар барысында ҚР ӘМ Заңнама және құқықтық ақпарат институтының  директоры Рамазан Құмарбекұлы Сәрпеков мырзаның қабылдауында болып, заңнамалық актілердің жобалары, заң шығармашылығын мемлекеттік қазақ тілінде жүзеге асырудың жолдары мен перспективасы туралы және заңды қазақ тілінде ойлай алатын заңгер мамандарды даярлау сияқты  қазіргі өзекті мәселелелері туралы өзара қызу пікір алыстық.

🔹Директордың орынбасары Джангарашев Ролан Маратович біздің тарапымыздан ЖТН AP19677520 «Қазақтілді масс-медиадағы конфликтогенді мәтіндер: тілдік құқықбұзушылықтың сот-лингвистикалық параметрлері» жобасының мәнісі және оның тіл мен заң тоғысындағы мәселелері туралы ақпараттарымызға қолдау білдіріп, оның өзектілігін бағалады.

🔹Аталған институттың Лингвистикалық орталығының басшысы, заң ғылымдарының кандидаты Нұрзада Маханбетұлы Примашев мырзаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультеті басшылығынан ЖТН AP19677520 «Қазақтілді масс-медиадағы конфликтогенді мәтіндер: тілдік құқықбұзушылықтың сот-лингвистикалық параметрлері» жобасына ықпалдастық көрсету туралы қызметтік хатты жылы қабылдап, іссапар мақсатының сәтті жүзеге асуына қамқорлық танытқанына ризашылығымызды білдіреміз.

🔹Сонымен қатар іссапар барысында университетімізде жаңадан ашылған «Филологиялық сараптама» мамандығы магистранттарының аталған институтта өндірістік тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу бойынша меморандумға қол жеткізілді. Осы мамандықтың оқу үдерсінде маңызды оқу-әдістемелік құралдары туралы тың мәліметтерді таптық.

🔹Университетіміздің филология факультетінде ашылған жаңа «Филологиялық сараптама» мамандығының қазіргі еңбек нарығында аса зор сұранысқа ие екендігін ҚР ӘМ Заңнама және құқықтық ақпарат институты Лингвистика орталығының қызметкерлері тағы да дәлелдеді

 

Таусоғарова А.Қ. ф.ғ.к., доцент

Бектемирова С.Б. ф.ғ.к., доцент

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология тілдері факультеті

Түркітану және тіл теориясы кафедрасы