Мысырда ерекше Құран Кәрім табылды. Небәрі 2 сантиметр болатын шағын көшірменің тіпті 150 жылдық тарихы бар көрінеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы Yeniakit басылымы жазды. Дерекке сүйенсек, қасиетті кітап Мысырдың Эль-Минуфие провинциясында анықталған. Тұрғын Абде Месуд бұл кітап көшірмесінің арғы аталарынан мұраға қалғанын айтып берген.
"Осман империясының баспаханаларында басылған "Мушаф-и Шериф" жұқа және өте кішкентай қағазға кішкентай әріптермен жазылған. Месуд Құранды лупамен оқиды", - делінген ақпаратта.
Құран Кәрім көшірмесінің ерекшелігі оның өлшемінде. Яғни шағын ғана қасиетті кітап 2 сантиметр.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының БҰҰ мінберінде қасиетті кітапты өртеу әрекеттеріне байланысты пікір білдіргенін жазған едік.