Париждегі Олимпиада ойындарында бокстан да ел қоржынына медаль түсті. 50 келі салмақта ел намысын қорғаған Назым Қызайбай қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық боксшы Ву Юмен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен ұтылды. Алайда, Олимпиада ойындарының қола жүлдесін қанжығасына байлады. Назымның бұл жүлдесі - ел қоржынына түскен үшінші қола медаль.

Бұл – Назым Қызайбайдың алғашқы Олимпиадасы. Ол осыған дейін әлем чемпионатында 2 рет топ жарып, 1 рет үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ Азия чемпионы атанған.

Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль бар.

Айта кетейік, бүгінде тартысты додалар бар. Нақтырақ айтсақ, Байдарка мен каноэде жүзу, грек-рим күресі, бокс, таэквондо және тректегі велоспорттан спортшыларымыз ел намысын қорғайды.

Олардың қатарында грек-рим күресінен Демеу Жадыраев 77 келі салмақта, бокстан 80 келі салмақта Нұрбек оралбай екеуі финалда алтын медаль үшін сынға түспек.

7 тамыздағы жарыс кестесі:

Байдарка мен каноэде жүзу

13:40. Ерлер. 1000 метрге байдаркамен жүзу
Бекарыс Рамазан

Грек-рим күресі

14:00. Ерлер. Бастапқы кезең
87 келіге дейін. Нұрсұлтан Тұрсынов

Байдарка мен каноэде жүзу

14:40. Ерлер. 1000 метрге жалғыз каноэмен жүгіру
Сергей Емельянов
15:37 Таэквондо. Ерлер. 1/8 финал
58 келіге дейін. Самирхон Абабакиров - Вито Деллакила (Италия)
15:45. Тректегі велоспорт. Ерлер. Спринт. Іріктеу
Андрей Чугай

Бокс

01:51. Ерлер. Финал
80 келіге дейін. Нұрбек Оралбай - Александр Хижняк (Украина)

Грек-рим күресі

Ерлер
77 келіге дейін. Демеу Жадраев - Нао Кусака (Жапония)