Қазақ Ұлттық Университетінің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында филология факультетінің ұйымдастыруымен “Табысқа толы 90 жыл” атпен бірнеше кітаптар сериясының тұсаукесері болды. Ғылыми еңбектердің ішінде жаңадан шыққан кітаптармен бірге бұған дейін жарияланған, қазіргі таңда сұранысқа ие кітаптар да қайтадан басылып отыр.
Кітаптар тізімі мынадай:
  • Сүлейменова Э.Д., Алдаш А.М., Алдашева К.С. Официально-деловой язык: казахско-русский словарь сочетаемости;
  • Түймебаев Ж.Қ. Проблемы анлаутных губных согласных в алтайских языках.
  • Ревизия фонетического закона Рамстедта - Пеллио
  • Аманжолов А.С. Опыт изучения тюркских языков;
  • Сағындықов Б.С. Түркі тілдері лексикасы дамуының фонологиялық заңдылықтары;
  • Джолдасбекова Б.У. Антология русскоязычной литературы Казахстана;
  • Филология факультетінің түлектері: ақындар мен жазушылар. 1-2 т.;
  • Филология факультеті – сөз өнерінің алтын бесігі;
  • Авакова Р.А. Фразеосемантика;
  • Ұжымдық монография. Teaching foreign languages in the Kazakhstani contemporary educational paradigm.
Осындай кітаптар сериясының жарық көруіне өздерінің ғылыми жобалары негізінде толықтай қаржыландырып, 90 жылдық мерейтойға тарту еткен мемлекеттік гранттық жоба жетекшілері, филология факультетінің деканы Баян Өмірбековнаға, түркітану және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі Раушан Амирдиновнаға шексіз алғысымызды және ризашылығымызды білдіреміз!
 
Түркітану және тіл теориясы кафедрасы. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Б. Бектемирова