Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті халыққа ескерту жасады. Онда жұма күні, 15 наурызда таңертен және түнде *ҚАР, ЖАУЫН - ШАШЫН , ТҰМАН, КӨКТАЙҒАҚ күтілетіні айтылған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Сондай-ақ, төтеншеліктер жауын-шашын туралы дауыл туралы ескерту негізінде автокөлік иелеріне ағаштардың, электр желілерінің және басқа да бекітілмеген құрылымдардың астына автокөліктерді қоймауға кеңес береді.
Ал жаяу жүргіншілерге мынадай ұсыныстар қалдырып отыр:
- есіңізде болсын , қар мен көктайғақ кезінде жүргізушінің көлікті жүргізу кезінде зейіні төмендеп, жолға мұқият қарай алмай, нәтижесінде жаяу жүргіншілердің қағып кетуі мүмкін;
- көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда өту керек;
- абай болыңыз, жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б. алаңдамаңыз.;
- әрқашан алдыңызда аяқтың астына қараңыз;
- аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс;
- қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл сізге мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;
– есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі- адамдар жиі жарақат алып құлайтын жерлер болып табылады.