Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасын енді ресейлік маман басқарады. Бас бапкерлік қызметке Станислав Черчесов келді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы ресми түрде хабарлады. Станислав Черчесов футболшы мансабында Ресейдің «Спартак» (Орджоникидзе), «Спартак» (Мәскеу), «Локомотив» (Мәскеу) және Германияның «Динамо» (Дрезден) клубтарында ойнаған.
Ресейдің «Спартак» (Мәскеу), «Жемчужина», «Терек», «Амкар», «Динамо» (Мәскеу) сынды командаларда еңбек етті. Сондай-ақ ол Ресей құрамасы, Польшаның «Легия», Венгрияның «Ференцварош» командаларында бас бапкер болды.
Бапкерлік мансабында Ресей чемпионатының күміс жүлдегері атанса, Польша чемпионы, Польша кубогының жеңімпазы атанды. Оған Венгрияның екі мәрте чемпионы және кубогының иегері болды. Ресей құрамасымен 2018 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалына дейін жетті.
Айта кетейік, бұған дейін ұлттық құраманы Магомед Адиев басқарған еді. Ол 2022 жылдың 27 сәуірінен осы күнге дейін 22 ойынның 11-інде жеңіске жетіп, 1-де тең ойнаса, қалғанында қарсыластарға есе жіберді.
Қазақстан құрамасы енді 7 мамырда Армения, 10 маусымда Әзрбайжан құрамаларымен жолдастық кездесу өткізеді.