Бұрынғы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі сенат депутаты болды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды", - делінген жарлықта.
Айта кетейік, Дархан Қыдырәлі 1974 жылы 16 сәуірде Түркістан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген.
2001-2005 жылдары – Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, кафедра меңгерушісі, аппарат жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер.
2005-2006 жылдары – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде доцент, аға ғылыми қызметкер.
2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығында директордың орынбасары.
2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде министрдің кеңесшісі.
2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі ретінде қызмет атқарған.
2009-2012 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары болған.
2012 -2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
2014 жылдан бастап Халықаралық Түркі академиясының президенті.
2015 жылғы 29 маусымнан Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялар одағы хатшылығының басшысы қызметін қоса атқарады және аталған одақтың ұйымдастырушысы.
2015 жылы ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде "Қорқыт мұрасы және Түркі әлемі" атты халықаралық мәдени шараны, 2016 жылы Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде "2030 жоспары үшін Жібек жолы бойындағы жаңа синергия" атты халықаралық симпозиумды және 2018 жылы "Рухани жаңғыру және мәдени мұра: қадымнан келешекке түркі тілі" халықаралық мәдени іс-шараларын ұйымдастырды.
2016 жылдың шілдесінен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.
2018 жылдың қыркүйегінде Халықаралық Түркі академиясының президенті лауазымына екінші мерзімге тағайындалды.
Осы қызметке дейін 2022 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі болды.