Елімізде келер жылдың басынан бастап зейнетақы өседі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көрсеткен, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Қазақстанның ұлттық экономика министрлігі 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жариялады.
Ведомствоның болжамынша, зейнетақы мен базалық төлемдер өседі:
Сондай-ақ министрлік келесі жылы Қазақстандағы зейнеткерлердің саны 2,6 миллион адамға жетеді деп болжап отыр. 2028 жылға қарай ең төменгі зейнетақы шамамен 78 мың теңгеге, ал базалық зейнетақы шамамен 40 мың теңгеге жетеді.
Орташа айлық жалақы 500 890 теңге болуы мүмкін, бұл 2025 жылғы көрсеткіштен 19%-ке жоғары.