Әйелдер боксында енді шлем қолданылмайды. Алдағы уақытта нәзік жанды спортшылар да ерлер сияқты шаршы алаңға шлемсіз шығады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
ҚазАқпараттың жазуынша, аталған шешім халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) Сочиде өткен директорлар кеңесінің отырысында қабылданған. IBA әзірге бұл шешімге өту үшін үш кезең қарастырған.
Атап айтсақ, әйелдер арасындағы жекпе-жектерде шлемге тыйым салу маусым айынан соң күшіне енбек. Негізі бұл талап бір жыл бұрын талқылана бастаған екен.
Сонымен қатар Сочиде өткен директорлар кеңесінің отырысында Белград 2025 жылы әйелдер арасында бокстан әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болғаны ресми түрде жарияланды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Ташкентте өткен Халықаралық бокс қауымдастығын (IBA) директорлар кеңесінің ресми отырысында 2024 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Астанада өтетіні туралы шешім қабылданған болатын.