"Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Заңды іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 3 наурыздан бастап 23 қазанға дейін Алматыда банкроттық рәсіміне жеке тұлғалардан 5 730 өтініш түскен, оның 5 603 өтініші қаралды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі хабарлады. Жеке тұлға өзін банкрот деп көрсету үшін қандай талаптарды ескеру керек.
АЙДОС БҰДЫҒҰЛОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БЕРЕШЕКПЕН ЖҰМЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
«Бұл жерде үш рәсім бар. Соттан тыс банкроттық. Сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Тоқталып кететін болсақ соттан тыс банкроттық қолдану үшін жеке тұлғалардың қарызы 1600 АЕК аспауы тиіс. Яғни 5520000 теңге. Өтінім берген азаматтың атында мүліктер болмауы керек. Екінші деңгейлі банк алдында,коллекторлардың алдындағы,қаржылық ұйымдардың алдындағы қарыздары қарастырылады. Келесі рәсім сот арқылы банкроттық. Жаңағы сомадан асатын болса және атында мүліктер болатын болса онда сот арқылы пайдалауға болады. Не болмаса төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдануға болады».