"

1939 жылы  БҚО дүниеге келген.  Орал қаласында оқуын аяқтаған соң әскер қатарына шақырту алып Украина қаласына аттанады. Авиация саласында 3 жыл  механик болды. 1963 жылы Алматы қаласына келіп дене шынықтыру институтына оқуға қабылданады. Студент кезінен ақ Абдолла Қарсақбаевтың фильмінде шағын рөлді сомдаған қарияға бүгінде  отандық телехикаялардан шақырту түсіп отырады.  1965 жылы шаңырақ көтеріп,бүгінде бір ұл бір қыздан немере,шөбере, сүйіп отыр. Бейнеттің, зейнетін көрген ақсақалдан атқарған қызметі жайлы сұраған едік.

ТӨЛЕУҒАЛИ САТЫБАЛДИЕВ ЗЕЙНЕТКЕР:«Институтты бітіріп, ол уақытта Художественный училище дейді сол жерге физкультурадан сабақ беруге направление алдым. Сол жылдары мектептер ашылды спортивный. Соған ауысып волейболдан треньер болдым».

Жас кезінен сурет салуға қабілетті ақсақал ісмерлікке де бейімім бар дейді. Киімдерін өзі пішіп жөнге келтіріп алған кездері де болған екен.

ТӨЛЕУҒАЛИ САТЫБАЛДИЕВ ЗЕЙНЕТКЕР: «Өзімнің үлкен ағаларымның киімін киіп өскен жігітпін. Бір жерлері ұзын болса анама да айтпаймын,ешкімге де айтпаймын, өзім отырып алып ине жіппен өзім тігіп алатын едім.Түймелерін тігіп алатын едім».

Спортқа жаны құмар ақсақал бос уақытында жеңіл жүгіріп, таза ауада серуендеп қайтуды жөн санайды екен. Өткені мен бүгінін ой елегінен өткізіп, таразылап отыратын көнекөздің жастар жайлы пікіріне құлақ астық.

ТӨЛЕУҒАЛИ САТЫБАЛДИЕВ ЗЕЙНЕТКЕР: «Мына автобустың ішінде,троллейбустың ішінде қиындау орнынан тұрып шалдарға орын беру. Ол тәрбиеден ғой. Біздің бала кезімізде соғыс уақытында жоқшылық,кәзір бәрі бар. Ата-анасы өзіне жетпесе де баласына жегізеді,кигізеді. Басқа жағын ойламайды ғой. Бірақ бәрін жамандауға болмайды. Ішінде жақсылары да бар,көбі ауылдікі».