Air Astana әуе компаниясының акциясы сатылымға шығарылады. Бүгін Үкіметте осы мәселе кеңінен талқыланды. Өтініштерді қабылдау бүгіннен басталды 8 ақпанға дейін жалғасады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз хатшысы Динара Алимова айтты.

ДИНАРА АЛИМОВА ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

«IPO Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында биыл өтуі тиіс екені атап өтілді. Бүгінде «Самұрық-Қазына» АҚ мен Air Astana компаниясы халықаралық кеңесшілермен бірге үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді. Жиында қаралған өзекті мәселе – биыл 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында жоспарланған өтініштерді қабылдау процесін бастау үшін компанияның бір қарапайым акциясы мен бір ғаламдық депозитарлық қолхатының баға диапазонын анықтау».