«Qnet» қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдікті қамауға алынды. Олар Қызылорда қаласының тұрғындарын сан соқтырып, жалпы сомасы 44 млн теңгеге алдап кеткен. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр деп хабарлады қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.
ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Күдіктілер Қызылорда қаласының аумағында «Qnet» компаниясының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған азаматтар желілік маркетинг және электрондық коммерция деген желеумен Қызылорда қаласының 35 тұрғынынан 2019-2022 жж. аралығында 44 млн теңгеге жуық көлемде ақша қаражаттарын тартқан. Тергеу барысында жәбірленушілердің компанияға 840 мыңнан 1 млн 200 мың теңге көлемінде қаржы салғаны анықталды. Сот санкциясы негізінде үш күдікті қамауға алынды».