Алматы маңындағы ЛА-5518 мекемесінде мәслихаттың экс-депутаты Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Қазақпарат. Сотта Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевтен бөлек тағы 43 адамның ісі қаралады. Сот барысында қатысушылар дыбыстың нашарлығына шағымданды.
Сол себепті техникалық ақауларды шешу үшін сот отырысы жарты сағатқа тоқтатылды.Бұған дейін Алматы қалалық соты қылмыстық іс бойынша сот процесіне адвокаттардың кіруіне кедергі келтіріліп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.