Бүгін Алматыда «Кәмелетке толмаған қылмыс құрбандарының құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.Шараға тіс қаққан заңгерлер мен ұйым өкілдері және құқық қорғау органдарының мамандары қатысты. Қоғамды алаңдатып отырған жағдайда қандай мәселелер қозғалды,алдағы бейне материалға назар аударсақ.
Бұл бұрын соңды болмаған бас қосу, өзекті тақырыпты қозғамаса болмас,өйткені кәмілет жасына толмаған балаларға жасалып жатқан қастандық өршіп отырған уақыт деуге болады. Шараға жиналған тіс қаққан мамандар, әлемді алаңдатқан жағдаятты мұқият зерттеуді, оны алдын алуды әңгіме өзегіне айналдырды.
ТАЛҒАТ СӘРСЕНБАЕВ ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:
«Бүгінгі таңда әлем бойынша нақты статистикалық деректер бойынша 2-мллиардтан астам бала әр-түрлі жағдайда зорлық-зомбылық көреді екен.Қазақстан да бұл жағдайда әлемдік қауымдастықтардың мүшесі ретінде кәмілет жасына толмаған балаларды қорғау мен олардың құқын қорғау бағытында қолдан келер шараларды жүзеге асырып келеді. Бала болашағымыз,келешегіміз.Сондықтан да олардың қауіпсіздігін қадағалау басты мәселе болуы тиіс.Бүгінгі басқосуда, білікті мамандар өздерінің ұсыныстарын ортаға салып,жобаларымен таныстырып жатыр».
Конференция балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық, зорлау, сексуалдық сипаттағы қорлық әрекеттері, буллинг, кибербуллинг және бала құқықтарын бұзудың басқа да нысандары сынды қоғам алаңдатушылығын тудыратын өткір мәселелер әңгіме өзегіне айналды.Шарада кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын әлеуметтік, құқықтық, психологиялық, медициналық қорғау тетіктерін және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сарапшылардың пікірлерді, тиімді ұсыныстары мен оңтайлы тәжірибелерін жинақтау да назардан тыс қалмады.
МИРАС ДӘУЛЕНОВ НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ: «Бүгінгі біздің конференциямыздың басты мақсаты,кәмелет жасына толмаған балалардың құқық жанжақты қорғауға арналып отыр. Нақтырақ айтатын болсақ, балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуға, балалар мен жасөспірімдердің жарқын болашағын, отбасыда, қоғамда қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге бағдарланған тәжірибелік ұсыныстар мен стратегияларды әзірлеуге арналып отыр. Биыл біздің Нархоз Университетінің 60-жылдық мерейтойы,осыған орай жанжақтан білікті мамандардың басын қосып отырмыз».
Иә,расымен де кәмелет жасына толмаған балаларға зорлық-зомбылық күшейген заманда, жастардың құқын қорғау кезек күттірмейтін мәселе. Шараға жиналған түрлі саланың өкілдері де балалар қауіпсіздігін нығайтудың өзектілігін алға тартты. Нақты жоба әзірлеп, құқық қорғау органдарымен тізе қосып жұмыс жасауға шақырып жатты.
ОРЫНБАСАР ТІЛЕПБЕРГЕНОВ ЗАҢГЕР
Жиынға онлайн форматта қатысушылар да болды. Олар да жасөспірімдердің құқын қорғау мен оңалту саясатына байланысты өз ойларын ортаға салып жатты.