Биыл Абай облысында 662 отбасы баспанамен қамтылды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары, жетім балалар санаты, көп балалы аналар мен баспанасы қауіпті деп саналған азаматтар бар. Бұдан бөлек жыл соңына дейін тағы да 177 пәтер беру жоспарда.Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс орталығында 26 отбасыға пәтер кілті табысталды.
Ұшақтар кентінен су жаңа пәтердің кілтін алған Әкімовтардың қуанышында шек жоқ. Үш жылдан бері үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасы жаңа жылды енді жаңа баспанада қарсы алатын болды.
СӘУЛЕТ МУСИНА СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Осы міне мерекеге қарсы үйге ие болып жатырмын. Өте қуаныштымын, разымын. 20-сыншы жылдан бастап кезекте тұрамын. Міне үш жарым жылдың ішінде кезегім келіп үй алып жатырмын. Біраз толқып тұрмын. Үй ұнады, көңілімізден шықты.
Семей қаласының әкімі мереке қарсаңында 26 отбасыға пәтер кілтін табыстады. Тұрғындарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспана берілді. 3 бөлмелі пәтерге әр отбасы ай сайын коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге төлейді.
НҰРБОЛ НҰРСАҒАТОВ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ Тәуелсізік күні қарсаңында бүгін бізде Семей қаласында 26 көпбалалы отбасыларға өздеріңіз жаңа көріп өткендей үйлердің кілтін табыстадық. Осы жылда 211әлеуметтік осал топтарға пәтерлердің кілтін беріп жатырмыз. Жылдың аяғына дейін әлі бесеуі берілетін болады. Ары қарай да бұл жұмысты біз жалғастырамыз. Келесі жылы да бұл қарқынды азайтпаймыз.
Қазірггі таңда Семей қаласы бойынша 13 мыңға жуық отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Жалпы, биыл Абай облысында әлеуметтік осал топқа жататын тұрғындар, көпбалалы аналар мен үйі қауіпті деп танылған азаматтар бас-аяғы 662 отбасы баспанамен қамтылған. Жыл соңына дейін аймақта тағы 177 пәтер беру жоспарлануда.