Австралияның Перт қаласының маңындағы үйлерге орман өрттері қауіп тудырып отыр. Қазірдің өзінде тілсіз жаудың кесірінен тұрғындардың мүлкіне зақым келген. Апаттың орын алуына көктемгі аптап ыстық әсерін тигізген.
РИТА САФФИОТИ БАТЫС АУСТРАЛИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Бүгінгі күнде он үй, төрт сарай және көптеген көліктер жанып кетті. Инфрақұрылым, соның ішінде электр бағаналары да зақымданған».
Қаланың солтүстік бөлігін, Батыс Австралия штатын жалын оты шарпуда. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ, барлық тұрғындар эвакуацияланып жатыр.
Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтауға бар күштерін салуда.Алайда олардың арасында құрбан болғандар да бар.Ауа-райына байланысты жағдай әзірге қиын болып қала бермек.
РИТА САФФИОТИ БАТЫС АУСТРАЛИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Бүгінгі болжам көңіл көншітпейді. Ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріліп, жел соғады деп күтілуде. Залалды азайту үшін арпалысып жатқандардың барлығына алғыс айтқым келеді».
Билік өрттен зардап шеккендердің COVID эпидемиясы кезінде жабдықталған карантиндік орталыққа орналастырылатынын айтты.
Австралияда тұрғындарға орман өрті қауіп тудырып отыр
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 355