Австралияның оңтүстік-шығысындағы Виктория штатының Мельбурн қаласы маңында жүздеген мың тұрғын жарықсыз қалды. Қатты жел электр желілерін қиратып, ірі электр станциясындағы генераторлардың жұмысын тоқтатты.
Дүлей дауыл штаттағы ең ірі апаттардың бірі болды. Салдарынан жарты миллионға жуық жылжымайтын мүлік қирады.
ВИКТОРИЯ ШТАТЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНЫ: «Мен бұрын- соңды мынандай торнадо немесе дауыл көрген емеспін. Қорқынышты болды. Қатты гуіл мен екпіні күшті жел тұрды. Екінші рет көргім келмейді. Дауыл 10-20 минутқа созылды».
Жергілікті билік тұрғындарды күн райының бұзылатынын айтып, ескерткен екен.
ДЖАСИНТА АЛЛАН ВИКТОРИЯ ШТАТЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Билік апатты ауа райы туралы ескертті. Яғни, күн қатты ысыды содан кейін найзағай ойнап, жаңбыр жауып, дауыл соқты. Салдарынан ғимараттар қирады».
Белгілі болғанындай, штаттың оңтүстік бөлігінде бір тұрғын қаза тапты. Ер адамды жел ұшырып алып келген зат басып қалған.
ДЖАСИНТА АЛЛАН ВИКТОРИЯ ШТАТЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Қайтыс болған адам- Солтүстік Мирбу-Нортадан келген сүт фермері еді».
Ауа райының қолайсыздығы орман өртіне де себеп болды. Батыс Викторияда қызыл жалынмен күресіп жатыр. Тілсіз жауадан бес өрт сөндіруші зардап шекті.Мельбурнның кейбір бағыттарында пойыз қызметі тоқтатылды. Кем дегенде он мектеп пен ондаған балабақша жабылды.Метеорологтар ауа райы жақсарады, жел басылады деп болжағанымен, қауіп әлі де сақталады деп ескертеді жергілікті билік.