Қазгидромет ескертеді. Алдағы үш күнде Қазақстанның 14 облысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Осыған байланысты елімізде дауылды ескерту жарияланды. Атап айтқанда, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, Шымкент, Батыс Қазақстан, Ұлытау облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жетісу, Абай облыстары мен Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, көктайғақ болады, 23-28 м/сек. дейін боран соғады деп күтілуде.Ал, әлеуметтік желіде «Қазақстанға қауіпті циклон төніп келеді, 100 м\секундына дейін жел соғады, өз өмірлеріңізге сақ болыңыздар!» деген тақырыппен жарияланған мына видеоны синоптиктер жоққа шығарды.

Айта кетейік, бүгіннің өзінде Ақтөбе облысында қатты боран соғып, автокөліктер жолда қалып, ұшақтар әуежайға қона алмай әуре-сарсаңға түсуде. Сондықтан, мамандар ауа райы туралы ақпаратқа назар аударып, қатты асығыс болмаса алыс жолға шықпауға кеңес береді.

АФРОДИТА ПІРІМЖАР «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ИНЖЕНЕРІ