"

Алматы облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көрсеткіші бойынша Республикалық деңгейде үшінші орында. Жыл бойы өнім алуды қамтамасыз ету мақсатында жылыжай кешендері мен сақтау қоймаларын ұлғайтуда.Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Астанада өткен брифинг барысында айтты.

Өз алдына облыс болып қайта құрылған Алматы облысы ауыл шаруашылығына қолайлы аймақ деуге болады.Егін алқаптарына берілетін су шығындарына қарамастан өңірде егістік көлемі 3-мың гегтарға артқан.Шаруагерлер қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, күзгі жиын-терімді уақытында жинап алған.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыста жол,жарық,ауыз су секілді маңызды инфрақұрылымдар күн тәртібінен түскен жоқ. Шешілген мәселеден,шешілуі тиіс жұмыстар жеткілікті. Әкімік айтулы жағдайларды реттеу үшін бөлінер қаржы көлемін ұлғайтқан.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Алматы облысы,кәсіпорындарды ашуға қолайлы аймақ.Осыған байланысты жергілікті билік,инвесторлармен бірлесіп ауқымды жұмыстарды бастап кеткен.Бүгінде индустриялық аймақтар салынуда.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Алматы облысында тағы бір күрделі мәселе бар.Ол,үш ауысымды мектептер. Айтулы жағдаймен күресу мақсатында кешенді бағдарлама қолға алыныпты.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2024-25 жылдары 38 медициналық нысан салу көзделуде. Қонаев қаласында 800 төсектік көпбейінді аурухана, 500 келушіге арналған емхана, қалалық аурухана жанындағы инфекциялық блок салу жоспарлануда. Айта кетейік биыл «Қазақстан Халқына» қоры 1,1 млрд. теңге тұратын 2 жылжымалы медициналық кешен сыйға тартты. Олар жапондық компьютерлік томографпен, цифрлық маммографпен және УЗИ аппаратымен жабдықталған. Кешендер шалғай ауылдардың тұрғындарын скринингтен өткізуде.

Қонаевтың Бас жоспары бекітілді. Негізгі әкімшілік ғимараттар шаһардың қазіргі аумағында салынады. 19 мың га аумақта орналасатын қала халқының саны 2050 жылға қарай 200 мың адамды құрайды деп болжануда.
2-ші кезеңде «Жаңа Іле» алаңы игеріледі. Онда әлеуметтік-тұрмыстық, мәдениет, білім беру ғимараттары, тұрғын-үй кешендері және рекреациялық нысандар бой көтермек.Ал Алатау деп аталатын жаңа қаланың пайда болу мүмкіндігіне облыс әкімі былай деп жауап берді.

МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ