Алматы облысы Қарасай ауданының прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында құқық қорғау органдармен бірлесіп 19 бала заңсыз тәрбиеленген жасырын діни медресені анықтады.Тәжікстан азаматы жеке үйдің аумағында араб жазулары бар діни әдебиеттерді қолданып, балаларға сабақ берген.
Сондай-ақ, тексеру барысында 179 дана діни әдебиет, ұялы телефон мен ноутбук тәркіленіп, тиісті сараптамаларға жіберілді. Кінәлі адам заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады, деп хабарлады облыстық прокуратура. Ал балалар ата-анасына қайтарылды.