Алматы облысында ВИЧ инфекциясын жұқтырған бала комаға түсіп, ауруханада көз жұмды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 9 қаңтар күні тоғыз жастағы бала денсаулығының күрт нашарлауына байланысты Алматыдағы №2 қалалық балалар ауруханасына түскен.Баланы ауруханаға қабылдау кезінде ата-анасы АИТВ инфекциясын жұқтырғанын жасырған. Бала комаға түскен. 24 қаңтарда оқушыны Қарасай аудандық ауруханасына ауыстырған.Белгілі болғандай, бұл отбасында қайтыс болған баладан бөлек, анасы мен әкесі де АИВТ жұқтырған. Ерлі-зайыптыларға диагноз 2016 жылы қойылған.
САЙРАНГҮЛ ҚАСЫМБЕКОВА ҚАЗАҚ ДЕРМОТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ МОНИТОРИНГ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ