Әлеуметтік желіде Алматы облысында белгісіз ер адам төрт баланы ұрып-соғып, азаптап, оларға пышақ салғаны туралы ақпарат тарады. Балалардың айқайына көршілері жүгіріп келгенде, олардың аяқ-қолы байлаулы болған. Зардап шеккендердің сөзінше, Бақытжан есімді ер адам үйге басып кірген. Белгілі болғанындай, шабуыл Алматы облысы, Жамбыл ауданында орын алған. Күдіті ұсталды.
БАУЫРЖАН ӘЛЕНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Қазіргі уақытта ол аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды және оның қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде. Айта кетейік, құрықтау бойынша операция Алматы облысы, Қарасай ауданында өтті.Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес жария етуге жатпайды».