Алматы халықаралық әуе айлағының өткізу қабілетін арттыру мақсатында жаңа халықаралық жолаушылар терминалының құрылысы жүргізілуде. Жолаушылар ағыны қазірдің өзінде сегіз миллион адамға жетті. Осыған орай әуежай өзінің 8 миллионыншы жолаушысын қарсы алды.

Жаңа терминалдың құрылыс кестесі мерзімінен бұрын, 2024 жылдың жазында аяқталады деп жоспарлануда. Алайда 2023 жыл Алматы халықаралық әуежайы үшін рекордтық жыл болды. 8 миллионыншы жолаушы Орал-Алматы бағыты бойынша ұшып келген. Қайрат есімді азамат күтпеген жаңалықтан алған әсерімен бөлісті.

ҚАЙРАТ МАНАБАЕВ 8 МИЛЛИОНЫНШЫ ЖОЛАУШЫ

Осылайша оңтүстік астана әуежайының тарапынан бақытты жолаушыға Грузия еліне 5 күндік демалысқа екі адамға жолдама берілді.