Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалында баспасөз туры ұйымдастырылды.Жаңа жолаушылар терминалына 220 миллион доллардан астам инвестиция салынған. Сейсмикалық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай салынған халықаралық терминал 10 баллға дейінгі жер сілкінісіне төтеп бере алады.
ГОКЕР КОСЕ АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙДЫҢ БАСШЫСЫ:«Жаңа терминал бүгінге дейін 1500 рейсті қабылдап үлгерді. Сондай-ақ, бұл ғимарат сейсмикалық нормаларға сай құрылған. Ол 10 баллға дейінгі жер сілкінісіне төтеп бере алады. Жаңа дүние болғандықтан ол әлі отырады, біздің әйнектерде кішігірім жарықтар болғаны рас. Біз оларды ауыстырамыз».
Гокер Косе әуежайдың өзекті проблемасы болып тұрған «жүктерді сағаттап күту» мәселесіне де тоқталды.
ГОКЕР КОСЕ АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙДЫҢ БАСШЫСЫ: «Жолаушылардың жүктерін қабылдау технологиялары мен жаңа жабдықтар жаңадан орнатылып жатыр. Кейбіреулері әлі толық орнатылған жоқ. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғалар туындауда. Жақын арада ұшақ қонғаннан кейін багаж алу 45-50 минутқа дейін қолжетімді болатынына уәде беремін. Бұл әрине стандарттық нормадан асып тұр.Бірақ уақытымен бұл мәселе шешімін табады деп ойлаймын».
Әуежайдың басшысы сөз арасында жаңа жобаға сын айтушылар мен мін таққандардың болғанынан хабардар екенін тілге тиек етті. Сол себепті қарашаның бұл экстрималды көшуге түсіністікпен қарауларын сұрады.
ГОКЕР КОСЕ АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙДЫҢ БАСШЫСЫ: «Ең біріншіден айтарым, өткенге қарайтын болсақ, ескі терминалдың сыйымдылығы – 2,5 млн жолаушы болған еді. Алайда біз оны 10 млн дейін көтере алдық. Екіншіден, көптеген ұшу рейстерінен бас тартуға тура келмес үшін жаңа терминалға тез арада көшуге мәжбүр болдық. Себебі, көп әуе компаниялары рейстерін Алматыдан тартатыны баршаңызға белгілі. Жаңа затта әрине сындар болады. Біз ондайға әркез дайынбыз».
Сөз соңында Гокер Косе БАҚ өкілдеріне қазіргі уақытта тек 1 ғана ұшу-қону жолағы барын айта кетті. Сол себепті, әзірге 14 ұшақты бір уақытта қондырсақ, 16 ұшақты бір уақытта ұшыруға мүмкіндігіміз бар дейді. Ал, екінші ұшу-қону жолағына 4-5 жыл уақыт қажет екенін алға тартты.