Мәдениет және спорт министрлігінің Архив құжаттама және кітап ісі комитеті былтырғы жылдан бастап «Архив және болашақ ұрпақ» жобасын өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. Қабылданған жоба аясында Алматы қаласының Мемлекеттік архиві «Тарихи тұлғалар жасайды» тақырыбында танымдық іс-шара өткізді. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Архив құжатынсыз тарихтың жазылуы мүмкін емес. Алматы қаласының Мемлекеттік архиві ұйымдастырған «Тарихи тұлғалар жасайды» тақырыбындағы танымдық іс-шарада ұлттық құндылықтарды қалыптастырып, нығайту барысында мектеп оқушылары мен студенттерге архив қызметі бойынша, мұрағат қорындағы белгілі тұлғалар жайлы ақпараттар беріліп, экскурсия жасалды.
Іс-шараға білім алушылармен қоса мұғалімдер, мұрағаттанушылар қатысты. Білімгерлерге «Ашық микрофон» атты интерактивті ойын ұйымдастырылып, «Архив ұғымы», «Алматы қаласының тарихы», «ҚР рәміздері», «Тұлғатану» сынды тақырыптармен тапсырмалар беріліп, ой-пікірлер ортаға тасталды. Архив ғимаратында заманауи сөрелер, климат-бақылау, жариялаушы қондырғысымен өртке қарсы дабыл жүйесімен жабдықталған. Бұл жерде 18 құжаттама қоймасы бар.
Мекемеде 130-ға жуық қаламгердің құжаттары сақталған. Соған байланысты, келушілерге арналған көрме залдары да бар. Көрме белгілі уақытта әртүрлі қаламгерлердің еске алу күндеріне байланысты ауысып тұрады.