Алматыда 11 жасар бала терең орға құлап кетіп,дер уақытында жеткен құтқарушылардың арқасында ол дін аман қалды. Оқиға Наурызбай ауданында болған. Тереңдігі 4 метр болатын шұңқырға 2013 жылғы бала құлады деген шақыртуға жедел құтқару жасағының мамандары жетеді. Мына видеода құтқарушылар зембілдің көмегімен баланы алып шығып жатқанын көруге болады. Балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп,жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
СЕРҒАЗЫ ӘБДІҚАДЫР ҚР ТЖМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ
Аталған дерек бойынша оқиғаның мән жайы анықталуда.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ