"

Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, 20 сәуір күні  Алматыдағы «Комфорт сити» тұрғын үй кешенде 13 жастағы қыз зорланды. Болжам бойынша, ер адам пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан және қылмысты көлік тұрағында жасауы мүмкін. Алматы полициясы аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа да мән-жай анықталып жатыр».