Ватсап месенджерлерінде Алматы қаласындағы    Шаңырақ 1 және Шаңырақ 2 ықшам ауданынының ортасындағы сайда зорлық-зомбылық белгілері бар «5 жасар қыздың денесі табылды» деген ақапарат тарады. Жағдайдың мән-жайын арнамыздың тілшісі анықтап көрді. 

Бұл Алатау ауданынына қарасты халық тығыз орналасқан шағын аудан. Жергілікті тұрғындар арасында дүрбелеңге салынған ешкімді көрмедік. Ватсап месенджерлерінде аталған Шаңырақ 1 және Шаңырақ 2 ықшам ауданынының ортасындағы сайда қылымыстық әрекет жасалған жерге ұқсамайды. 

«Білмейсіңғой енді, құдай сақтасын. 5 жасар қызда несі бар.Нанға сүтке енді келеді көршілер. Ондай хабарды мен естімедім».

«Жоқ өзім кеше доғдырға қаралып келдім.Естімедім». 

Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіде ақпаратты растамады. 

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ

АҚТОЛҚЫН ТҰРЛЫҒАЗЫ ТІЛШІ