Алматыда «Digital Almaty-2024» болашақтың цифрлық эволюциясы VI цифрлық форумы өз жұмысын бастады. Осымен алтыншы мәрте өткізіліп отырған форум биылғы жылы 1-3 ақпан күндері аралығына жоспарланған.

«Digital Almaty» - бизнес өкілдері, халықаралық сарапшылар және IT-қоғамдастық бас қосатын алаң. Бұл жерде стартаперлер өз идеяларын көпшілік назарына ұсынуға және инвесторлар табуға мүмкіндік мол. Осы жылғы форумның салтанатты ашылуында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин арнайы келді.

БАҒДАТ МУСИН ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІ

Өткен форум аясында ұсынылған идеялар қолдау тауып келеді. Үміттерін үкілеп шараға қатысуға келген өнертапқыш жастардың жұмыстары жайлы сұраған едік.

ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫ

Форум аясында көптеген қызықты сессиялар мен көрмелер жоспарланған.Үш күнге жоспарланған ауқымды шарада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшылары да бас қосып, тұрақты цифрлық инфрақұрылымды және телекоммуникациялардағы жаңа технологияларды дамыту жайын қарастырады.