Алматыда «Орталық Азиялық электрондық коммерция форумы 2023» атты бірінші халықаралық форум өтті. Шара Орталық Азия аймақтары бойынша электронды саудадағы цифрлық экономиканы дамыту үшін ірі сала кәсіпкерлерін, мемлекеттік қызметкерлерді, технология провайдерлерін, кәсіпорындар мен логистика саласының басын біріктірді.
Іс-шараның ашылу салтанатында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айжан Бижанова,Халықаралық сауда орталығының (ITC) атқарушы директоры Памела Кок-Гэмилтон,Түркия Республикасы Сауда министрінің орынбасары Махмут Гюрджан, Тәжікстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары Ахлиддин Нуриддин, Mastercard Орталық және Шығыс Еуропадағы қоғамдық сектор бойынша вице-президенті Энгин Яшар баяндама оқыды.
НҰРЛАН ҚҰЛБАТЫРОВ «QAZTRADE» БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «Бүгінгі форумның негізгі мақсаты Орта Азия елдеріндегі электронды саудаға қатысты болып отыр. Өздеріңіз білесіздер мын пандемия кезінде барлық дүкендер жабық болған кезде электронды сауданың қарқынды дамығаны белгілі. Ол қарқынды қазір сақтап қана қоймай ары қарай еселеп өсуде. Жаңағы өздеріңіз көрдіңіздер Халықаралық сарапшылардың есебі бойынша сауда транзакциялатының саны,оның ішінде онлайн жасалынатын маркет плейстегі сауданың саны артуда. Күнделікті өмірде электронды билет алу, сауда жасау мұның бәрі кәзір қалыпты күйге енді. Менің айта кетейін дегенім Қазақстан осы Азия елдері арасында ең үлкен электронды сауда бойынша көрсеткіштері жоғары. Яғни бұл тек қана азық-түлік емес,киім-кешек емес сонымен қатар алыс ауылдағы азаматтардың өзі қазпочта арқылы,басқа да маркет плейстердің заттарын сатып алып Қазақстаның барлық аймақтарына жеткізіледі».
Орта Азия елдері арасындағы сауда саттық қарқынды дамып келе жатыр.
Бір айта кететін жағдай электронды саудамен айналысу үшін кәсіпкерлерге бірінші кезекте электронды сауда туралы білім қажет. Осы тұрғыдан Түркия елінің де электронды сауданы дамытуда үлкен тәжірибесі бар дейді сауда саясатын дамыту орталығы мамандары.
НҰРЛАН ҚҰЛБАТЫРОВ «QAZTRADE» БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «Бүгінгі іс-шараға Түркия мемлекетіде қатысып отыр. Қатысуының себебі бар. Біріншіден Түркі тілдес елдерінің жақында ғана жиналысы биыл Қазақстанда да өтеді үлкен саммит. Одан бөлек Түркия елінің осы электронды сауданы дамытуда үлкен тәжірибесі бар. Жаңа айтып өтті Қазақстандық кәсіпкерлер,азаматтар, тұтынушылар да Түркия елінің платформаларында да көптеп сауда жасайды».
Шарада Әзербайжан,Грузия арқылы Түркияға, Еуропа елдеріне шығатын сауда дәлізі талқыланды. Көлік саласы,логистикаға байланысты сұрақтар төңірегінде пікір алмасу болды. Кәсібін енді бастаған жастар болсын, кәсіпкер болып бірақ онлайн сатпаған адамдарға көптеген тәжірибе үйренуге мүмкіндік берілді.Форумда ынтымақтастық туралы меморандумдарға да қол қойылады.Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы екіжақты келісімге қол жетті.