"

Алматыда "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, Азаматтық авиация комитетінің қолдауымен "Ұшу-қону жолағы бетінің жай-күйі туралы деректерді ұсынудың жаһандық форматы -  GRF" тақырыбында өңірлік семинар өтті. Іс-шараға АҚШ Азаматтық авиация федералдық басқармасы,ТМД елдері азаматтық авиация мамандары, ұшып қону жолағының жай-күйін бағалауға арналған жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді өндірушілер, "Қазаэронавигация", отандық әуекомпаниялар мен әуежайлар өкілдері қатысты.Шараға қатысып отырған ТМД елдері авиациялық өкілдері аталмыш форматты енгізу процесі және оны одан әрі қолдану, ұшу мамандары экипаждарын жаңа GRF форматына дайындаудағы заманауи тәсілдер туралы бірегей тәжірибелерімен бөлісті. Шара екі күнге жоспарланған.

МАҚСАТ  ТҮНДЕБАЕВ ҚАЗАҚСТАН АВИАЦИЯЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІНІҢ  ИНСПЕКТОРЫ