1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесі, түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген терең тағзымының нышаны. Осыған орай Алматы қаласы мемлекеттік архивінің ұжымы Қазақстан халқы ассамблеясының ұлт өкілдерімен «Алғыс айту-асыл қасиет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шараға Алматы қаласының 38 этномәдени орталықтарының  өкілдері қатысты. Мұндағы тарихи құжаттарды сақтап қана қоймай,паш ету басты мақсатымыз дейді шараны ұйымдастырушылар. Сондай-ақ бұл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар,жалпыұлттық татулықты нығайтуда  ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді.

КОММУНАР ИСЛАМЯРОВ ҰЙҒЫР ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ  МҮШЕСІ